Франция елшісі Дидье Канэсс мырзаның «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне сапары [fr] [ru]

16-ақпан күні Францияның Қазақстандағы Елшісі Дидье Канэсс мырза «АЛЖИР» мемориалды-мұражайына барды. Мұражай 1937 - 1953 жылдар аралығында сталиндік қуғын-сүргіннің нәтижесінде «отан сатқындары отбасыларының мүшесі» деп тұтқындалған 18 000 әйел жайлы естелік ретінде ашылған.

Канесс мырза лагерь тұтқыны болған француз әйелдеріне арналған ескерткіш тасқа гүл шоғын қойды. Бүгінгі таңда олардың төртеуінің есімі белгілі болып отыр: Бурлард-Нейман Бланш, Коршикова Жанна, Процикова Юлия, Салтаненко-Пужола Мария. Мұражай веб-сайтында олардың өмірбаяны жайлы кішігірім ақпарат бар: https://museum-alzhir.kz/ru/2-uncategorised/67-frantsuzhenki

Сонымен бірге, мұражай директоры Тергембаев мырза мен елші мырза екіжақты ынтымақтастықтың болашағы жайлы да сөз қозғады.

publie le 17/02/2021

hautdepage