Еуропа және сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианның мәлімдемесі [fr] [ru]

Украина
24 ақпан 2022 ж.

Бүгін таңертең Республика Президенті мәлімдегендей, Франция Ресейдің осы түні Украинаға қарсы бастаған әскери шабуылын барынша қатаң түрде айыптайды.Сонымен қатар ол Лукашенко режімінің мақұлдауымен егемен елге қарсы осы озбырлықты жүзеге асыру үшін Беларусь аумағын пайдалануды айыптайды. Осындай соғысты таңдау халықаралық құқықты өрескел бұзу болып табылады. Бұл еуропалықтар өз серіктестірмен бірнеше рет мәлімдегендей, кешеуілдемей орасан зор зардаптар мен елеулі шығындарға әкеледі. Мен бұл сынақта демократиялық жолмен сайланған украин билігімен және украин халқымен толық ынтымақтастығымды білдіремін. Франция Украинаны қолдауды оның барлық нысандарында әрі қарай да нығайтады.

Бүгін таңертеңнен бастап Еуропа және сыртқы істер министрлігінің Дағдарыс және қолдау орталығында дағдарыс тобының белсенділігі арта түсті. Ол біздің Елшілік Киев қаласында ашқан, өз жұмысын толығымен жасап, міндетін орындап жатқан дағдарыс тобымен бірлесіп тап осы сәтте Украина аумағында жүрген француз азаматтарына қолдау мен көмек көрсетуді үйлестіруге жұмылдырылған. Бұл әрекет сондай-ақ осы жағдайды реттеуге қатысатын әртүрлі мемлекеттік әкімшіліктердің іс-әрекеттерін үйлестіруге бағытталған. Ұсыныстар дағдарыстың дамуына қарай нақты уақыт режімінде француз қауымдастығына жіберіледі.

publie le 28/02/2022

hautdepage