Журналистика саласындағы "Франкофония Қазақстанда" конкурсы [fr] [ru]

«Франкофони наурызы 2020» аясында, Францияның Қазақстандағы Елшілігі 18-20 жастағы қазақстандықтар үшін « Франкофония Қазақстанда: үздік болашақ журналист» атты журналистикадан конкурс ұйымдастырады.

JPEG

Талаптары:

  • Жасы: 18-20 жас
  • Қазақстан азаматы болу және Қазақстан территориясында тұру
  • Еркін шығармашылық; видео, аудио контент немесе жазба мақала
  • Тақырыбы: Франкофония; Франкофония Қазақстанда
  • Шығарманы 25-сәуір, түнгі 00:00 ге дейін astambafrance@gmail.com поштасына жіберу керек. Әр шығармаға қатысушының аты-жөні, телефоны, электронды поштасының адресі және жеке куәлігі қоса жіберіледі.
  • Тіл: француз тілі
  • Елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері конкурсқа қатыса алмайды

Жеңімпазды анықтау:
Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қызметкерлерінен тұратын тәуелсіз қазылар алқасы жеңімпазды анықтайды.
Шешімді 2020-жылдың 10-мамырына дейін қабылдайды. Конкурс нәтижесі шыға салысымен, оны жеңімпазға хабарлайды. Жеңімпаздың шығармасы - Елшілік пен Елшінің әлеуметтік желідегі парақшаларына жарияланады. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.

Жүлде:
1-орын – Шілде айында (өзгеруі ықтимал )Лилль қаласындағы Журналистика жоғары мектебінде бір апталық оқу-тәжірибе (Қазақстан мен Франция арасындағы жол жүру қатынасының шарттарына сәйкес).
2-орын – Францияның Ұлттық мейрамына орай ұйымдастырылған салтанатты кешке 4 шақыру билеті
3-орын – Францияның Ұлттық мейрамына орай ұйымдастырылған салтанатты кешке 4 шақыру билеті

Міндеттеме:
Конкурс ережелері мүлде сақталмаған жағдайда, ұйымдастырушы жүлдені тапсырмауға құқылы. Бұл конкурсқа қатысу – бүкіл талаптарды орындалуын білдіреді.

publie le 12/03/2020

hautdepage