Жоғары мәртебелі Филипп МАРТИНЭ мырза, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі [fr]

JPEG

Филипп МАРТИНЭ
мырза Сен-Клу/Фонтенэдегі мемлекеттік Жоғарғы оқу орыны ENS –те білім алған, ағылшын тілі магистрі, экономикалық және әлеуметтік ғылымдардан агреже (колледж және университет мұғалімі) дәрежесі бар және Париж Саяси зерттеулер Институтының түлегі. Сөйлейтін тілдері: english, deutsch, русский, 中文, italiano, svenska және қазақша үйренуде.

1991-1992 жылдары Радио Франс ұлттық компаниясы Төрағасының аға референті, ал 1994-жылы Сыртқы істер министрлігінің шығыс елдері жөніндегі кеңесшілер мен хатшыларының қатарына өтеді. Оның дипломатиялық мәнсабы Сыртқы Істер министрлігінің заң істері бөлімінде 1994-жылы басталады. Сонан соң осы министрліктің еуропалық ынтымақтастық бөліміне ауысады. Ұлттық Ассамблея төрағасының дипломатиялық кеңесшісі болмастан бұрын (2000-2002) ол Премьер-министрдің кабинетінде техникалық істер жөніндегі кеңесші қызметін (1998-2000) атқарады. Францияның Мәскеудегі Елшілігінде Екінші кеңесші (2002-2006жж), ал Нью Делиде Мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесші (2006-2010жж) болып жұмыс істеген. Орталық әкімшілікке қайта оралғаннан соң ол Климат және Қоршаған ортаны қорғау бөлімін басқарады (2010-2013жж).
Қытайдың Хубэй провнициясының Ухан қаласында Францияның Бас консулы болып қызмет атқарады (2013-2017).

2017-жылдың 18-қазанында Қазақстан Республикасының Президентіне сенім грамотасын тапсырды.

publie le 26/10/2017

Беттің жоғарғы жағын көрсету