Жас ғалымдарға арналған SSHN постдокторлық ғылыми-зерттеу шәкіртақылары. [fr] [ru]

Францияның Қазақстандағы Елшілігі Францияда қысқа мерзімді ұтқырлықты жүзеге асыруды көздеген жас қазақстандық зерттеушілер арасында үміткерлерді іріктеу конкурсын жариялайды.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні : 2021 жылдың 26 маусымы

JPEG

Конкурсқа қатысу шарттары:

• Қазақстан Республикасының азаматтығы,
• докторлық диссертациясын соңғы 5 жыл ішінде қорғаған үміткер,
• жоғарғы оқу орны және/немесе ғылыми-зерттеу мекемесінде жұмыс істейтін үміткер және далалық зерттеуді немесе француз зертханасымен тығыз ынтымақтастықты талап ететін жобаны ұсыну.

Конкурсқа соңғы үш жылда ұқсас қаржыландыруға ие болмаған үміткерлер ғана қатыса алады.

Шәкіртақылар келесі критерийлерге сәйкес беріледі:

  • үміткердің академиялық дайындығының жоғары деңгейде болуы,
  • кәсіптік бағдарлану негізделген сапалы әрі дәлелді ғылыми-зерттеу жобасының болуы,
  • ғылыми-зерттеу тағылымдамаға байланысты француз және/немесе ағылшын тілінде еркін сөйлеу,
  • ғылыми-зерттеу тағылымдамалар француз және қазақстандық білім немесе ғылыми-зерттеу мекемелері арасында жүзеге асырылып не жаңадан орнатылып жатқан әріптестік қарым-қатынастар шеңберінде іске асырылуы немесе осындай қатынастарды дамытуға жағдай жасауы қажет.

Аталған бағдарлама бойынша француз үкіметінің шәкіртақы иелері келесі басымдықтарға ие болады:

  • айына 1704 еуро көлемінде шәкіртақы беріледі,
  • Францияның Жоғарғы білім, ғылыми зерттеулер және инновация министрлігіне қарайтын мемлекеттік мекемелерінде тіркеу жарнасын төлеуден босатылуы,
  • баспана іздеуде көмек көрсету,
  • Францияның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бекітілуі,
  • ораналасу және әкімшілік сұрақтары бойынша Campus France агенттігі тарабынан көмек алу,
  • тегін виза беру,
  • көлік шығыстарын төлеу: әуежайдан межелі жерге дейін жол: шығысты төлеу тек шәкіртақы иесінің тұрғылықты мекенжайына ең жақын халықаралық әуежайдан межелі әуежай немесе вокзалға дейін қамтамасыз етіледі.

Үміткерлер төменде көрсетілген құжаттарды келесі электрондық мекенжайға жіберулері тиіс: programmepostdoc.fr@gmail.com:

- еркін түрде жазылған ғылыми-зерттеу жобасының сиппатамасы (француз немесе ағылшын тілінде);
- екі түйіндеме (біріншісі таңдалған бағдарламаның тіліне байланысты француз немесе ағылшын тілінде, екіншісі – қазақ немесе орыс тілінде),
- уәждемелік хат: француз немесе ағылшын тілінде (1 парақ, тек алдыңғы жағы),
- қазақстандық мекемеден алынған қолдау хаты (француз немесе ағылшын тілінде, pdf форматында)
- қабылдаушы француз зертханасы тарабынан алдын ала қабылданғаны туралы хат (француз тілінде, pdf форматында)

Құжаттарды қабылдаудың мерзімі мен күнтізбесі:

  • құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 2021 жылдың 26 маусымы (24сағ:00мин),
  • конкурстың нәтижелері 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап жарияланады,
  • бағдарламаның мерзімі: 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 1 желтоқсанға дейін.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша үміткерлер Француз Альянстары жанында орналасқан Campus France агенттіктеріне жүгіне алады.

Бұл материалдарды көшіру кезінде www.culturefrance.kz сайтына сілтеме міндетті.

publie le 09/04/2021

hautdepage