Виза бөлімінің ашылуы -Францияға виза [fr] [ru]

Қазақстандағы Франция Елшілігінің виза бөлімі 2019 жылдың 4-ақпан күні Астана қаласында ашылды.

Осы күннен бастап, Қазақстан аумағында тұратын, Францияға бару үшін Шенген визасын алуға ниет білдірушілер өз өтініштерін Астана және Алматы қалаларында орналасқан VFS орталықтарына тапсыра алады.

Ұзақ мерзімді виза алуға ниетті Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттері аумағында тұратын шетел азаматтарының өтініштері де аталған орталықтарда қабылданады.

Құжаттарды тапсыруға жазылу VFS France веб-сайты арқылы жүзеге асырылады: www.francevisa-kazakhstan.com.
Виза алуға қажетті өтінім бланктері міндетті түрде https://france-visas.gouv.fr/ веб-сайтында онлайн толтырылуы керек.
Визаға қатысты кез келген сұрақтар бойынша Астанадағы Франция Елшілігінің виза бөліміне visa.astana-amba@diplomatie.gouv.fr электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз.

publie le 01/03/2019

hautdepage