Визаға өтініш берушілердің назарына! [fr] [ru]

Консулдық қызметтің Астанадағы Франция Елшілігінің құзіретіне өтуіне байланысты Алматыдағы Франция Бас консулдығының виза бөлімі виза алуға өтініштерді қабылдауды тоқтатты.

Франция Елшілігінде Виза бөлімі 2019 жылдың 4-ақпанында ашылады.

Астанадағы виза бөлімі ашылғанша, Францияға бару үшін Шенген визасын алуға өтініш білдірген шетел азаматтары Алматыдағы Венгрия Консулдығына хабарласа алады: www.vengria.kz.

Алматыдағы Венгрия Консулдығы 2019 жылдың 2-қаңтарынан бастап 1-ақпанына шейін Францияға виза беруге қатысты өтініштерді қарастырады.

Ұзақ мерзімді виза алуға ниетті шетел азаматтарының өтініштері Астанадағы Франция Елшілігінің виза бөлімі ашылғаннан кейін, яғни 2019 жылдың 4-ақпанынан бастап қабылданады.

Құрметпен,

Виза бөлімі

publie le 03/01/2019

Беттің жоғарғы жағын көрсету