Төтенше жағдайлар министрімен кездесу [fr] [ru]

Қазақстандағы Франция Елшісі Дидье Канесс мырза Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрімен кездесті. Франция мен Қазақстан арасындағы азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі келісімге 2009 жылы қол қойылды. Бұл құжат ауқымды іс-әрекеттер жасауға негіз салды (тәжірибемен, ақпаратпен, біліммен бөлісу және оқыту мен жаттығулар, т.б). Сонымен қатар, оның шеңберінде табиғат апаттары кезінде өзара жәрдем көрсету операцияларын іске асыруға мүмкіндік бар. Елші мен министр мырза Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі мен Францияның Ішкі істер министрлігіне қатысты Азаматтық қорғаныс жөніндегі Бас басқармасы арасында ынтымақтастықты жандандыруға келісті. Сондай-ақ, министр мырза Елшілікпен сейсмикалық қауіптерге дайындық жөнінде техникалық кездесулер өткізуге келісімін берді.

publie le 29/11/2021

hautdepage