Сорбонна-Қазақстан Институтында Ой-пікірлер түні өтеді

JPEG

БАСПАСӨЗ -ХАБАРЛАМАСЫ

26 қаңтарда Сорбонна-Қазақстан Институтында Ой-пікірлер түні өтеді

Биыл алғаш рет Алматыда жыл сайын бүкіл әлемде жүргізілетін Ой-пікірлер түні 26 қаңтарда Сорбонна-Қазақстан Институтында өтеді. Басталуы сағат 17:00-де.
2017 жылғы Ой-пікірлер түнінің тақырыбы «Ортақ әлем». Ол әлемге әйгілі тұлғаларды бірге жинап, мәдениет, ғылым және өнер тұлғаларын басын қосып, пікір таласына қатысуға шақырады. Осындай іс-шара бүкіл әлемде, бес құрлықта, жиырма шақты білім және ағартушы мекемелерде өтеді: Дакардан Лос Анджелеске дейін, сондай-ақ Брюссельде, Буэнос-Айресте, Катмандуда, Марсельде, Парижде және т.б. қалаларда өткізіледі.

«Біз тұншығып жатқан қоғамда өмір сүріп жатырмыз, бірақ, өкінішке орай, біз бұл жағдайды мақтан тұтамыз, қоғамда материалдық құндылықтар санадан артығырақ көрініп, ал сандық технологиялардың дамуы армандауға орын қалдырмайды.
Ойды сан-саққа жүгірту дегеніміз – армандау, бұл дүниені өзгерту үшін оған жаңа тыныс беру керек. Алайда күннен-күнге өсіп келе жатқан өзара тәуелділік Мемлекеттердің қолын байлап, кез-келген шараны дәрменсіздікке алып келіп жатса, бұл тыныс беру жолын қайдан табуға болады. Осы өзара тәуелділікті қалайша жалпы жобаға айналдыруға болады?» (1).

Тап осы сұрақтар Алматыда қозғалатын болады. Өнер қайраткерлері, қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеушілер, сәулетшілер, кинематографисттер, баспасөз өкілдері мен айтыскерлер тікелей және онлайн интернет таратылымы арқылы студенттер және тыңдармандармен сұрақтарды талқылау және пікір алмасу мақсатында Сорбонна-Қазақстан Институтының қабырғасында жиналады.
Үш топтамадан тұратын, француз және қазақстандық журналисттер жүргізетін пікірталастардың («Біз қандай ортақ әлемде өмір сүре аламыз және сүргіміз келеді?», «Ортақ әлемнің игілігі үшін энергия көздерін дұрыс пайдалану туралы жаһандық ойлар», «Әлемдік өзгерістер аясындағы мәдениет») үзілістерінде француз Volta квартеті өнер көрсетеді. Қазақстанға музыканттар қаңтар айының осы аптасында өтетін франко-қазақстандық дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына арнайы шақырылған.
Барлық әлем бірігіп, өсіп келе жатқан өзекті мәселелердің (әлемдік терроризм, климаттың өзгеруі, көші-қон мәселерінен туындаған гуманитарлық апат, әлеуметтік және қаржы дағдарысы) шешімін табу керек. Әлемде болып жатқан оқиғаларға немқұрай қарамайтын адамдар үшін арналған «ортақ әлемге» қамқор болу және ой толғауға тиістіміз.
Іс-шара бағдарламасы мен тіркелу туралы қосымша ақпарат алу үшін (кіру тегін, бірақ отыратын орындар саны шектеулі болғандықтан, алдын-ала тіркелген дұрыс): www.culturefrance.kz

Пікірталастар қатысушылары:

 Олжас Сулейменов, әдеби тарихшы және ақын
 Ламин М., заманауи әртіс және стилист
 Патрик Пено, Sens Interdits халықаралық театр фестивалінің директоры
 Ботагоз Сейдахметова, жургізуші, журналист
 Роман Ященко, Қазақ ұлттық Әл-Фараби атындағы университетінің профессоры, ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, биолог.
 Адриан Фов, саяси ғылым саласының зерттеушісі, CNRS
 Виктория Якубова, режиссер
 Катерина Новоселова, сәулетші-қала жоспарлаушы, UrbanTalks платформасының негізін қалаушы
 Адиль Ажиев, сәулетші-қала жоспарлаушы, UrbanTalks платформасының негізін қалаушы
 Анель Молдахметова, сәулетші-қала жоспарлаушы, UrbanTalks платформасының негізін қалаушы
 Иван Кабакофф, жургізуші, ТV5 Monde телеарна журналисті
 Готье Эрманн, виолончелист, Artie’s отбасының негізін қалаушы
 Рашид Нугманов, режиссер, "Евразия" халықаралық кинофестивалінің директоры
 Эрве Шнейд, режиссер, монтажер
 Катерина Суворова, режиссер

(1) : Мирей Дельмас-Марти, «Әлемнің төрт жағы, Жаһандану мұхитында жүзу үшін шағын оқу құралы»

Байланыс:

Шахида Мусаханова, culture@af-almaty.kz, 8 707 292 14 22, Алматы Француз Альянсы
Әсел Мұсылманбекова, a.mussulmanbekova@sorbonne.kz, 8 747 550 88 90, Сорбонна-Қазақстан Институты

JPEG

publie le 13/01/2017

hautdepage