Саяси ынтымақтастық

Франция мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жыл 25 қаңтарда орнады. Президент Миттеранның 1993 жылдың қыркүйегінде Қазақстанға жасаған іс-сапары барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізін құрайтын келісімдерге қол қойылды. 2008 жылы қол қойылған Стратегиялық серіктестік жөніндегі келісім қарым-қатынасымыздың дамуына жаңа серпін берді. 2011 жылдан бері жыл сайын Сыртқы істер министрліктері арасында консультациялар өткізіледі.

2009 жылдан бері алты екіжақты президенттік іс-сапар орын алды (Францияға төрт, Қазақстанға екі) және министрлер мен парламент мүшелері деңгейінде көптеген байланыс орнады. Президент Олланд 2014 жылдың 4-5 желтоқсанында Қазақстанға іс-сапармен келді, ал Президент Назарбаев 2015 жылдың 4-6 қарашасында Парижге іс-сапармен барды. 2017 жылдың 29 наурызында Сыртқы істер министрі Абдрахманов мырза Франция мен Орталық Азия арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толғанын атап өту салтанатына қатысты. 2017 жылдың 6-7 қыркүйегінде Сыртқы істер министрі жанындағы мемлекеттік хатшы, Жан-Батист Лемуан мырза, "Астана Экспо 2017" көрмесіне қатысты. 2019 жылдың 30 шілдесінде Экономика және Қаржы министрі Бруно Ле Мэр мырза Нұр-Сұлтан қаласына іс-сапармен келді. Еуропа және Сыртқы істер министрі жанындағы Сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық жөніндегі министр-делегаты Франк Риестер мырза 2021 жылдың 11-12 мамырында Қазақстанға келді.

publie le 25/06/2021

hautdepage