Прельжокаж балеті Астананы "Түндер" қойылымымен дүркіретті [fr] [ru]

Танымал француз заманауи би хореографы Анжелен Прельжокаждың жаңа туындысы "Түндер" қойылымының халықаралық турнесінде Қазақстан алғашқы қатардағы елдердің біріне айналды.

Сатылымдағы билеттер тез-ақ таусылып, көпшілік күткен Прельжокаж балеті 1 қараша күні "Астана Опера" театрының сахнасында өнер көрсетті.

Таңғажайып Шығыс әлеміне жетелейтін көріністерді асыға күткен қазақстандық көрермен де, шетелдік қонақтар да кештен қанағат алып қайтты. Мәдениет, саясат қайраткерлері (министрлер, орынбасарлары, әкімшілік өкілдері), іскерлік орта (Еуразиялық банк, Тоталь, Альстом, ЕАDS) Франция Елшілігі мен турнені ұйымдастырушылардың шақыруын қабылдап, балеттет тыс қалмады.

"Астана Опера" сияқты зәулім өнер ордасының басшысы Мұхамеджанов мырза қаңтар қаласында Париж қаласында болып, Прельжокаждың Опера Гарнье театрында қойылып жатқан екі пьесасын тамашалады. Сол екі қойылымдағы кездесу театрдың француз балетімен бірге жұмыс жасауына жол ашты.

Ambassadeur de France - 331Ko
Ambassadeur et Angelin Preljocaj - 424Ko
Discours officiels avant le spectacle

publie le 05/11/2013

hautdepage