Прельжокаж Балеті "Астана Опера" театрында өнер көрсетеді [fr] [ru]

JPEG Жақында «Астана Опера» театрының басшысы Төлеген Мұхамеджанов мырза Тенгриньюс порталына берген сұхбатында театрдың шілде айының басында көрерменге ұсынатын тұңғыш бағдарламасы жайлы әңгіме қозғады. Франция мен Қазақстанның мәдени маусымдары аясында осы бағдарламаның құрамына француз хореографы Анжелен Прельжокаждың «Түн» спектаклі де енбек, ол көрермен назарына 8 шілде күні ұсынылады. Бұл туындының тұсаукесері 29 сәуір күні Экс-ан-Прованс қаласында өткен еді.

«Түн» - заманауи би бағытында жұмыс жасайтын француз хореографы Анжелен Прельжокаждың ең жаңа туындысы. Анжелен Прельжокаж – отыз жылдық жүмысының нәтижесінде 46 балет қойған өз ісінің майталманы. Ол биші ретінде балеттерінің ең маңызды бөлімдерін өзі де орындаған. Ал оның труппасы, яғни 1985 жылы құрылған Прельжокаж Балеті, Париждің Ұлттық Операсы, NY City Ballet, Мәскеудегі Большой Театры тәрізді би, өнер ошақтарымен бірге әрдайым жұмыс жасайды. 2008 жылы жарық көрген «Ақшақар» спектаклінің табысынан кейін Прельжокаждың әрбір туындысы би әлемінде үлкен оқиғаға айналады. Қазақстанда Преьжокаж Балеті 8 шілде күні Астана қаласында, 12 шілде күні Алматыда өнер көрсетеді.

publie le 20/05/2013

hautdepage