Novotel Алматыда « Goût de France / Good France » гастрономиялық фестивалі [fr] [ru]

2021 ж 14 қазан күні Францияның бас консулдығының бастамасымен Алматы қаласында Novotel City centre Almaty қонақ үйі және «Күн бала» қорының ынтымақтастығымен « Goût de France / Good France » (www.goodfrance.com) гастрономиялық фестивалі өтеді.

Қонақ үйдің бас-аспазы Виталий Спичаков Сантр-Валь-де-Луар француз өңірінде дайындалатын тағамдарға айрықша көңіл бөліп, кеш қонақтарын ерекше ас мәзірімен қуантады. Бас-аспаз қоршаған ортаға ұқыпты қарау маңыздылығын да ескеріп, тағамды дайындау барысында жергілікті азық-түлік өнімдерін пайдаланады.

Бұл кешкі ас Даун синдромымен туылған балалар мен жасөсіпірімдерге көмек көрсететін «Күн бала» қорының қызметін қолдау мақсатында өткізіледі.

Егер «Күн бала» қорына көмек көрсетіп, керемет кеш өткізуді қаласаңыз, онда +7 7273 55 38 38 нөміріне хабарласыңыз.

Толық ақпарат презентацияда:

publie le 13/10/2021

hautdepage