Нұр-Сұлтан қ. франкофон оқушылары «әлем эстафетасына» қатысты [fr] [ru]

6-сәуір күні Франция Елшілігі Нұр-Сұлтан қ. «Қазақстан» спорт кешенінде Халықаралық спорт күніне орай шара ұйымдастырды. Спорттық шара 2024 ж Париж қаласындағы Олимпиада ойындары комитетінің бастамасымен өткізіліп жатқан «әлем эстафетасының» аясында жүргізіледі. Әуесқой жүгіру жарыстары 24 сағат бойы 24 уақыт белдеуінде және әлемнің қырықтан астам елінде өтті. Қазақстан, осылайша, эстафетаны Камбоджа еліне тапсырып, кейін жарыстар Үндістанда өтетін болады.

Шарль де Голль-Мирас француз мектебінің, Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясының және Нұр-Сұлтан қ. Француз Альянсының жүзден астам франкофондары мен француз тілін оқитын студенттері қатысқан эстафетаны Францияның Қазақстандағы Елшісі Дидье Канесс мырза және Қазақстан Республикасының спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мырза салтанатты түрде ашты.

Достық қалыпта төзімділік сыналатын әуесқой жүгіру жарысына балалар олимпиялық тудың бес сақинасы түсіндегі киімде қатысты, бұл бес түс әлемнің бес түрлі құрылығын белгілейді.

1900 ж және 1924 ж өткен жазғы ойындардан кейін Париж қаласында 2024 жылы 26-шілде мен 11-тамыз аралығында үшінші рет Жазғы олимпиада ойындары өтеді. Екі мәрте Қысқы олимпиада ойындарын өткізген (Гренобль қ. 1968 ж және Альбервиль 1992 ж) Францияның тарих беттері бұл жолы бесінші олимпиада ойындарымен толыға түседі. Франция олимпиада қозғалысына деген адалдығын бір ғасырдан бері танытуда: XIX ғасырдың аяғында қазіргі заманға сай тұрпатта олимпиада ойындарын қайта жаңғыртушы және 1894 ж Халықаралық Олимпиадалық комитеттің негізін қалаушы француз бароны Пьер де Кубертэн болған.

Кездесуге балаларды қолдауға келген көптеген қазақстандық олимпиада спортшылары қатысты: Абзал Ажгалиев (конькимен жүгіру), Мерей Ақшалов (бокс), Ажар Акылова (карате), Иоанна Белых (карате), Софья Берульцева (карате), Арман Чилманов (таеквондо), Нурсултан Дуйсенкулов (джиу-джитсу), Галина Дуванова (джиу-джитсу), Илья Ильин (ауыр атлетика), Елдос Кабденов (джиу-джитсу), Мөлдір Мекенбаева (джиу-джитсу), Еламан Мукашев (карате), Ерқанат Оспан (муай-тай), Кенжеш Сәрсекенова (конькимен жүгіру), Алмаз Сарсембеков (муай-тай), Марк Старостин (шаңғы спорты), Сергей Цырульников (күш сынасу экстримі), Левит Василий (бокс), Марина Вольнова (бокс), Болат Жумадилов (бокс), Теміртас Жусупов (бокс), Антон Зимарев (карате).

Спорттық шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, «Қазақстан» спорт кешенінің, Нұр-Сұлтан қаласының №9 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің, «Ski Club Astana» шаңғы клубының, Шарль де Голль-Мирас француз мектебінің, Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясының және Нұр-Сұлтан қ. Француз Альянсының қолдауымен ұйымдастырылды.

Медиа метариалдар :

JPEG
JPEG
JPEG
JPEG
JPEG

24.kz - 7/04/2022
qazsport - 11 04 2022

publie le 21/05/2022

hautdepage