Мүнира Артықбекова ханымға Құрмет Легионы орденінің кавалері белгісін табыстау [fr] [ru]

Жұма, 17 маусымда Францияның Нұр-Сұлтандағы Елшісі Дидье Канесс мырза Франция мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты, әсіресе, экономика саласындағы қарым-қатынасты нығайтуға ат салысқаны үшін Мүнира Артықбекова ханымға Құрмет Легионы орденінің кавалері белгісін табыстады.

Марапатталушы бұрын Қазақстан дипломаты болған, ал қазір Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының бас директоры.

Ол - Қазақстан тәуелсіздік алып, елімізбен дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толғанда осы марапатқа, яғни Құрмет Легионы орденіне ие болған тұңғыш қазақ әйелі болды. Бұл - француз дипломатиясының бүгінде феминизге бет бұруының дәлелі.

publie le 22/06/2022

hautdepage