Лоран Фабиустың Қазақстанның Сыртқы істер министрімен кездесуі (2014 ж. 10 маусым, Париж) [fr] [ru]

Францияның Сыртқы істер және Халықаралық даму министрі Лоран Фабиус 10 маусым күні Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдайды.

Астана қаласында 2013 жылғы 1 наурыз күні сапармен болған Министр қазақстандық әріптесімен келіссөздері барысында Франция мен Қазақстанның екіжақты қарым-қатынасы, әсіресе экономика саласындағы байланысы жайлы сөз қозғамақ. Тараптар Қазақстанда 2017 жылы "болашақ энергиясы" тақырыбында өтетін "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне француз кәсіпорындарының қатыу жайын талқылайды. Сонымен қатар, министрлер күзде өтетін Қазақстанның Франциядағы мәдени маусымының дайындық барысы туралы әңгімелеседі.

Фабиус мырза мен Ыдырысов мырза, сондай-ақ, халықаралық өзекті мәселелер, оның ішінде Украинадағы жағдай туралы ой алмаспақ. Сонымен қатар, Қазақстан мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына қосылуы мәселелері талқыланады деп күтілуде.

publie le 07/06/2014

hautdepage