Кюри Институты делегациясының Қазақстанға сапары (2021 жыл 30 мамыр - 4 маусым) [fr] [ru]

2021 жыл 30 мамыр - 4 маусым аралығында Кюри Институты делегациясы FSPI-дің қаржылық қолдауымен Қазақстанға келді:

  • Пьер АНУРИ, дәрігер, Кюри Институтының халықаралық қатынастар жөніндегі директоры
  • Алекси БУРНОД, жедел жәрдем дәрігері, директордың халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары
  • Жером СУАСТЬЕ, халықаралық дамуға жауапты қызметкер

Делегация келесі мекемелерді аралады:

Нұр-Сұлтанда:

  • Ұлттық ғылыми онкология орталығы
  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Медициналық орталығының әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры
  • Көпсалалы медициналық орталық
  • Ана мен бала Ұлттық зерттеу орталығы

Алматыда:

  • Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты
  • Орталық клиникалық аурухана

Қатерлі ісікпен күрестегі жетекші мекеме Кюри институты – әлемге әйгілі онкологиялық зерттеулер орталығы мен барлық онкологиялық ауруларды, соның ішінде сирек кездесетін ауруларды емдейтін заманауи ауруханалар кешені. Институт сүт безі қатерлі ісігін, балалар мен офтальмология ісіктері мен саркомаларды емдеуде алдыңғы қатарда. Кеуде қуысының барлық ісіктерін емдеу мақсатында онда Кеуде институтын құрылған.

КЮРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ МИССИЯСЫ

Нобель сыйлығының екі реткі лауреаты Мари Кюри 1909 жылы негізін қалаған Кюри Институты - үш орталықтың (Париж, Орсэй және Сен-Клу) 3648 қызметкерінің басын біріктіріп, зерттеу, емдеу және білім беру сияқты үш миссияны қатар орындайды. Онкологиялық науқастарға күтім жасау үшін кешенді тәсіл қолданылады. Яғни онкологиялық емдеуде қосымша көмектерді пайдаланады және заманауи емдеу әдістерінің көмегімен өмір сүру сапасын қамтамасыз етеді.

publie le 08/06/2021

hautdepage