«Крайстчерч үндеуі» - интернеттегі террористік және экстремистік зорлық-зомбылық сипатындағы онлайн-контентті жою [fr] [ru]

2019 жыл 15 мамырда Интернетте тікелей эфирде көрсетіліп, нәтижесінде мұсылман қауымдастығынан 51 адамды мерт қылған террорлық әрекет орын алған, Жаңа Зеландиядағы қала атымен аталған - «Крайстчерч үндеуі» аясында, мемлекет, үкімет және халықаралық ұйымдардың 10 басшысы, сонымен қатар цифрлық саланың ірі ойыншылары - интернеттегі террористік және экстремистік зорлық-зомбылық сипатындағы онлайн-контентті түп-тамырымен жоюға және Интернетті террористердің құрал ретінде пайдалануын тоқтатуға бірлесе қимылдауды өз міндеттеріне алды.

JPEG

Франция мен Жаңа Зеландияның үндеуі бойынша 26 ел мен веб-алпауыттар – террористік және экстремистік зорлық-зомбылық сипатындағы онлайн-контентке қарсы күресте өз күштерін біріктірді. Бұл шара - Жаңа Зеландия мешіттеріне жасалған шабуылды Facebook-тың тікелей эфирінен көрсеткеннен кейін екі ай өткен соң орын алып отыр.

2019-жылдың 15-мамырында Парижде, Франция Президенті Эммануэль Макрон мен Жаңа Зеландия Премьер-министрі Джасинда Ардерн қабылдаған «Крайстчерч үндеуіне» сәйкес, интернет-платформалар, соның ішінде Facebook (оның филиалдары WhatsApp пен Instagram), Google және оның филиалы YouTube, сияқты көшбасшы алпауыттар мұндай контенттердің жүктелуі мен таралуының алдын алуға және оларды «тез арада әрі үнемі өшіріп» отыруға міндетті. Мұның бәрі – талас, дау болған жағдайда шағымдану үрдістері сақталатын «негізгі еркіндікті» ескере отырып жасалады.

Сонымен қатар, бұл компанияларға - мұндай контенттерді «шынайы уақытта» тексеріп, анықтау арқылы олардың тікелей эфирде жаппай таралуына байланысты «қатерлерді азайтуға» арналған шұғыл шараларды қолдану міндеттелді. Анығырақ айтсақ, интернет –компаниялар желі қолданушыларының назарын осы сынды контенттен аудару үшін тиісті механизмдер мен есептеу алгоритмдерін енгізуді, тіпті қажет болған жағдайда аккаунтты жабуды алға тартады. «Facebook видеоны өшіруге тырысты, оны 1,5 миллион рет өшірді. Алғашқы 24 сағатта ол видеоны әр секунд сайын YouTube қайтадан көрсеткен», - деді Жаңа Зеландия Премьер-министрі Джасинда Ардерн.

«Крайстчерч үндеуін» 2019-жылдың 15-мамырында Франция, Жаңа Зеландия, Канада, Ирландия, Иордания, Норвегия, Ұлыбритания, Сенегал, Индонезия және Еруопа комиссиясы, сонымен қатар, Amazon, Facebook, Google, Microsoft, Qwant, Twitter, YouTube, DailyMotion и Викимедиа қоры қабылдады.

Аустралия, Германия, Жапония, Нидерланды, Испания, Үндістан және Швеция сияқты өзге де елдер үндеуді қолдады. Эммануэль Макрон кеше Елисей сарайында бұл бастаманы қолдайтын көптеген көшбасшыларды қарсы алды. Олардың қатарында Иордания Патшасы – Абдалла, Сенегал президенті – Маки Салл, Британия, Канада, Норвегия,Ирландия премьер-министрлері - Тереза Мэй, Джастин Трюдо, Эрн Сольберг, Лев Варадкара, Индонезия вице-президенті Юсуф Калл, сонымен қатар цифрлық саланың саңлақтары бар.

Үндеу мен қолдаулар жайлы толық мәтінді мына сайттан таба аласыз: www.appeldechristchurch.com

publie le 17/05/2019

hautdepage