Конкурс хабарландыруы: IC-3i халықаралық докторлық бағдарламасы [fr] [ru]

2018 жылдың қазан айында Кюри Институты IC-3i халықаралық бағдарламасы 12 орынға докторанттарды қабылдайды.

JPEG

Осы бағдарлама докторанттарға 3 жыл мерзіміне арналған қаржыландыруды пайдаланып, пәнаралық, сектор аралық және халықаралық жоғары деңгейлі білім алуға және де тағылымдамадан өтуге, профессорлардың жетекшілігіне ие болуға және де мансап дамуын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Зерттеу диссертацияларының жобалары Кюри Институтының басты зерттеу бағыттарын қамтиды:

  • Радиациялар биологиясы мен химиясы, клеткалы сигнализация және карцинома
  • Даму, карцинома, генетика және эпигенетика
  • Ісіктердің интегративтік биологиясы, иммунология және қоршаған орта
  • Көп ауқымдық физика, химия және биология

Қосымша ақпарат және құжаттарды жіберу: training.curie.fr/ic3iphd
Құжаттарды жіберудің соңғы мерзімі: 18 қаңтар 2018 жыл

Осы жоба Marie Skłodowska-Curie N° 666003 субсидия келісім аясында Еуропа Одағының Horizon 2020 зерттеу және инновациялар бағдарламасымен қаржыландырылады.

publie le 26/12/2017

Беттің жоғарғы жағын көрсету