Патрисия Каас өзінің Эдит Пиафтың естелігіне арнаған әлемдік турнесі аясында Астанада өнер көрсетті.
Концерт Франция-Қазақстан тоғыспалы мәдени маусымдарының бағдарламасы шеіберінде өтті. Қазақстандық көрермен мен баспасөз құралдарының ойынша бұл жай ғана концерт емес, нағыз театрландырылған қойылым болды. Патрисия Каастың сахнада бейнелеген кейіптері 20 ғасырдың 30-40 жылдарындағы Парижді еске салды. Журналистердің ойынша, Каас пен Пиаф екеуінің тағдырлары, дауыстары, сезім мен эмоцияларында ұқсастық көп. "Қазақстан" концерт залында өткен бұл концерт бұрын-соңды болмаған көп тыңдарманның жиналуына себепші болды.