«КӨРКЕМӨНЕР КӨПІРІ» [fr] [ru]

Бейнелеу және қолданбалы өнер саласындағы франко-қазақстандық шәкіртақылық бағдарламасы

Франко-қазақстандық мәдени ынтымақтастық пен Қазақстаннан Францияға студенттік ұтқырлықты нығайту мақсатында, «International Art Dévelopment Association» (IADA) және Францияның Қазақстандағы Елшілігі бейнелеу және қолданбалы өнер саласында магистратура деңгейі бойынша ұтқырлық бағдарламасын құрды.

Бағдарламаға Қазақстан Республикасының азаматтығы, академиялық дайындығы жоғары деңгейдегі және дәлелді әрі өршіл кәсіби және дербес жобасы бар студенттер қатыса алады. Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік қамту бойынша Француз үкіметінің шәкіртақысымен қоса жүретін 10 ай кезеңге 800 еуро көлемінде айлық шәкіртақы төленеді.

JPEG
Үміткердің құжаттамасы

Үміткердің құжаттамасы келесі құжаттардан құрылуы тиіс:

1. Францияның мемлекеттік жоғары оқу орындарының біріне қабылданғанын дәлелдейтін растау хаты;
2. еркін түрде жазылған шетелде оқу жобасы;
3. екі түйіндеме:
а) біріншісі таңдалған бағдарламаның тіліне байланысты француз немесе ағылшын тілінде;
b) екіншісі – қазақ немесе орыс тілінде;
4. уәждемелік хат: таңдалған бағдарламаның тіліне байланысты француз немесе ағылшын тілінде (1 парақ, тек алдыңғы жағы);
5. шетелге шығу төлқұжатының көшірмесі (бірінші беті);
6. осыған дейін білім алған жоғары оқу орындарымен берілген дипломдар мен олардың қосымшаларының куәландырылған көшірмелері;
7. тілді меңгеру деңгейін растау:
c) француз тілінде оқу бағдарламасын таңдаған үміткерлер үшін: B1 деңгейінен төмен емес француз тілі деңгейін растайтын сертификат (DELF, DALF, TCF). Бұл талап француз тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында білім алған тұлғаларға таралмайды;
d) ағылшын тілінде оқу бағдарламасын таңдаған үміткерлер үшін: B2 деңгейінен төмен емес ағылшын тілі деңгейін растайтын сертификат (TOEIC, TOEFL, IELTS). Бұл талап ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында білім алған тұлғаларға таралмайды;
8. банк шотының деректемелері (іріктеу процесінің нәтижелері бойынша).

Үміткердің құжаттамасын жіберу тәртібі

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 2021 жылдың 18 маусымы (24сағ.00мин.)
Үміткердің құжаттамасын 10 Мб аспайтын PDF форматында, электрондық пошта арқылы келесі мекенжайға жіберу қажет: bourseiada@gmail.com
Барлық құжаттар 2021IADA_NOM_PRENOM атауымен бірыңғай құжаттамада жиналуы тиіс.
Дұрыс рәсімделмеген құжаттамалар қаралуға жатпайды.
Құжаттама алынғаннан кейін, үміткерлерге электрондық пошта арқылы хабарлама жіберіледі.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша үміткерлер Француз Альянстары жанында орналасқан Campus France агенттіктерінежүгіне алады.

Бұл материалдарды көшіру кезінде www.culturefrance.kz сайтына сілтеме міндетті.

publie le 12/05/2021

hautdepage