Күзгі кездесулер 2012 [fr] [ru]

musique médiévale - danse contemporaine - graphisme – gastronomie

JPEG
GIF

Биылғы жылы Күзгі кездесулер аясында француз әртістерін әкелу «Дипломат» қонақ үйі мен РТС Decaux сияқты JPEG демеушілерімізбен әріптестік арқасында мүмкін болып отыр.

Астана қаласында мерекелік бағдарлама 20 қазан күні Француз Альянсында өтетін биші және хореограф Анжелен Прельжокаждың «Эльдорадо (Sonntags Abschied)»» атты балеті мен деректі фильмнің көрсетілімінен басталмақ. Келесі күні Ұлттық кітапхана өз қабырғасында әйгілі бишінің тағы бір балеттік қойылымы «Ақшақарды» көрсетеді. 23 қазан күні Парижден келген Арс Антиква атты трионың орындауындағы ортағасырлық музыка концертін Ұлттық өнер Универститетінде тыңдауға болады. Фестиваль 1 қараша күні суретші және иллюстратор Николя Журнудың «Mes que un blog» атты комикс көрмесімнің ашылуымен аяқталады, Қазіргі заман өнері мұражайында өтетін көрме ашылуына оның авторы мен қаһарманы Бақытжан Жұманов қатыспақ.

Алматы қаласына келсек, көрермен Арс Антиква ансамблінің музыкасын 28 қазан күні Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының Үлкен концерттік залында тыңдай алады. Сонымен қатар 3 қараша күні Француз Альянсында биші және хореограф Анжелен Прельжокаждың «Эльдорадо (Sonntags Abschied)» балеті мен деректі фильмнің көрсетілімі өтеді.
Қарағанды қаласының өнерсүйер қауымы 26 қазан күні «Шалқыма» концерт залында Арс Антиква ансамблінің өнерін тамашалайтын болады.

  • Ars Antiqua de Paris - Ортағасырлық және Қайта өрлеу дәуірінің музыкасы

Париждік Арс Антиква ансамблі – испандық музыканың алтын ғасырын, Шекспир мен I Елизваета дәуірін қамтитын 13-17 ғасырдар аралығындағы еуропалық музыканы қайта жаңғыртатын ерекше өнер өкілдері.
1965 жылы құрылған бұл ансамбль бүгінгі күннің өзінде дүние жүзінің атақты фестивальдарына қатысып, Еуропа, АҚШ, Канада, Қиыр Шығыс, Африка және Оңтүстік Американың елдерінде тұрақты түрде өнер көрсетіп жүр.

JPEG

  • Заманауи би өнері

- Галлота балеті

Алматыдағы Хореографиялық Училище мен француз заманауи би өнері шеберлерінің арасындағы байланыстарды дамыту мақсатында Алматы қаласына әйгілі француз бишісі мен хореографы Жан-Клод Галлота компаниясының өкілдері келіп, бір апта ішінде жергілікті би топтарымен, түрлі мәдени ошақ басшылығымен кездесіп, мастер-класстар өткізу арқасында 2013 жылға жоспарланып отырған ұлкен ортақ жобаның кірпішін қалап қайтты.

- Прельжокаж балеті

Астанадағы жаңа өнер ордасы Опера және балет театры мен Прельжокаж балеті ынтымақтастығының аясында Эльдорадо балеті мен оның пайда болуы жайлы деректі фильм және Ақшақар балетінің көрсетілімін ұсынып отырмыз.

  • Графикалық дизайн өнері

- Mes que un blog комиксі : "Mes que un blog"

Комикстер авторы және иллюстратор Николя Журну басынан өткен оқиға – 2010 жылдың қысында Алматыда тұратын мүгедек бала Бақытжанды кездестіруі – жайлы әңгімелейді. Комикс полиомиелиттің ауыр түріне шалдыққан 17 жасар жасөспірімнің күнделікті өмірін бейнелейді. Осы аурудың кесірінен Бақытжан екі аяғынан жүре алмайды.

  • Аспаздық өнер

JPEG
Франция жайлы айтып отырып оның аспаздық өнері, Францияда жасалатын әйгілі ірімшік түрлері туралы айтпай өту мүмкін емес шығар! Францияны осы жағынан танимын деген тағам талғампаздарына арнайы Мастер-класстар мен ірімшіктерден дәм татуды ұсынамыз. Олар: 27-28 қазанда Белон мейрамханасында, 26 және 30 қазанда Алматыда French Connection мейрамханасында өтеді.

- Францияда және Еуропада жасалған ірімшіктерден дәм тату

publie le 19/10/2012

hautdepage