Иран [fr]

Еуропа және Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан мырзаның мәлімдемесі.

Франция Иран жөніндегі өз ойын ашық білдіреді. Франция аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті көздейді, ол шиеленістің азаюына септігін тигізуді көздейді және бұл үшін оған ешқандай рұқсаттың қажеті жоқ.

Франция ядролық қарудың таралуының алдын алатын Вена келісіміне адал. Ол келісімнің тек АҚШ-тан басқа барлық тараптары сияқты өз қойған қолын құрметтейді және Иранның өз міндеттеріне сай әрекет етуін қатаң түрде сұрайды.

Шиеленістердің күрделенуі – диалог құратын жағдайға әкелетін саяси бастамаларды қажет етеді. Президент Макрон ашық түрде біздің серіктестерімізбен бірігіп, яғни қол қойған Еуропа елдерімен бірігіп осымен айналысуда. Әрине ол америкалық билікті бұл жайдан хабардар етеді. Бұл шиеленісті жағдайдың өте қауіпті конфронтацияға айналып кетпеуі үшін барлық күштерді біріктіру керек.

publie le 12/08/2019

hautdepage