Халықаралық гомофобия, бифобия және трансфобиямен күрес күніне арналған бірлескен мәлімдеме (IDAHOBiT) [fr] [ru]

Бүгін біз гомофобия, бифобия және трансфобияға қарсы (IDAHOBiT) күрестің жыл сайынғы Халықаралық күнін атап өтеміз. Бұл күні біз Қазақстандағы лесбиянкалар, гейлер, бисексуалдар, трансгендерлер мен интерсексуалдардың (ЛГБТИ) қауымдастықтарына біздің қолдауымызды және ынтымақтастығымызды білдіреміз.

Адам құқықтары әмбебап және ЛГБТИ-қоғамдастық өкілдері - басқалармен бірдей құрметтеуге, бостандыққа және қорғауға құқылы. Біз бүкіл әлемдегі адамдарды жыныстық бағдарға, гендерлік бірегейлікке және өзін-өзі көрсетуге немесе жыныстық сипаттамаларға қарамастан, барлық адамдардың қадір-қасиеті мен теңдігін бекітуді қолдаймыз. Ең гүлденген қоғам - адамдар өздерін еркін әрі қауіпсіз санайтын орын, онда зорлық-зомбылық, билік тарапынан Елемеу немесе индивидуумдардың жыныстық бағдарының белгісі бойынша кемсітушілік жағдайлар сирек орын алады. ЛГБТИ-қоғамдастық өкілдерін қоса алғанда, барлығы қоғам өміріне жан-жақты және белсенді қатысуға мүмкіндік алуы тиіс. Әрбір адамның өмірде әділ және тең мүмкіндіктері болуы керек. Сол себепті, осы мәлімдемеге қол қойған біздер, осы жылғы IDAHOBiT-тің Әділдік пен Баршаны қорғау жайлы тақырыбын қолдаймыз.

Біз Қазақстан үкіметін, ЛГБИ-қоғамдастығын, ұлттық құқық қорғау ұйымдарын, отбасыларды және қызығушылық танытқан барлық тараптардың - бүкіл адамдарға қатысты дискриминациясыз саясат жүргізу жөніндегі күш-жігерін қолдауға дайынбыз.

- Австрия Eлшілігі
- Канада Елшілігі
- Хорватия Eлшілігі
- Финляндия Елшілігі
- Франция Елшілігі
- Германия Елшілігі
- Грекия Елшілігі
- Израиль Елшілігі
- Италия Елшілігі
- Бельгия Корольдігінің Елшілігі
- Нидерланды Корольдігінің Елшілігі
- Латвия Eлшілігі
- Португалия Елшілігі
- Оңтүстік Африка Республикасының Eлшілігі
- Испания Елшілігі
- Швеция Елшілігі
- Швейцария Елшілігі
- Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Елшілігі
- Америка Құрама Штаттарының Елшілігі
- Еуропалық Одақ Делегациясы

publie le 17/05/2019

hautdepage