Хабар Агенттігі Франс 24 Академиясымен ынтымақтастық орнататынын жеткізді [fr] [ru]

JPEG
ҚазМедиаОрталығы ұйымдастырған Орталық Азиядағы медиа саласының белді мамандарына арналған Астанадағы алғашқы Astana Media Week іс-шарасының аясында, Хабар агенттігінің басқарма төрайымы Алмагүл Ахметжанова ханым Францияның Қазақстандағы Елшісі –Филипп Мартинэ мырзаны қабылдап, оған өз агенттігінің Франс 24 Академиясымен ынтымақтастық орнатуға ниетті екендігін жеткізді.
Ахметжанова ханым Франс 24 Академиясына 2017 -2018 жылдары Хабар агенттігінің журналистері үшін көптеген оқу тренингтерін өткізуге ұсыныс жасады.
Франс 24 Академиясы - France Medias Monde тобының, оның ішінде төрт тілде үздіксіз жаңалықтар тарататын Франс 24 телеарнасының қарамағындағы оқу-үйрету орталығы. Франс 24 телеарнасына Антуан Кормери басшылық етеді. Ол – 2016 жылдың күзінде Хабар Агенттігімен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастыру үшін Қазақстанға келген.
Францияның Қазақстандағы Елшісі осы жобаға Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің қолдау көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар осы оқу тренингтеріне Қазақстанның бүкіл журналистер қауымының қатысуға мүмкіншілігі болса деген тілегін де жеткізді.

publie le 10/10/2017

Беттің жоғарғы жағын көрсету