Гомофобия, трансфобия және бифобияға қарсы халықаралық күнін атап өтуге арналған бірлескен мәлімдеме (IDAHOTB) [fr] [ru]

Гомофобия, трансфобия және бифобияға қарсы халықаралық күнін атап өтуге арналған бірлескен мәлімдеме (IDAHOTB)

Бүгін біз жыл сайынғы Халықаралық гомофобия, трансфобия және бифобияға қарсы күнін атап өтудеміз. Бұл күні біз Қазақстандағы лесбиян, гей, бисексуал және трансгендерлік қауымдастықтарға қолдау көрсетеміз.

Адам құқықтары жалпыға бірдей және барлық адамдарға тең қолданылады. Біз кемсітушіліктің барлық түрлеріне толықтай қарсылығымызды білдіреміз және лесбиян, гей, бисексуал және трансгендерлердің (ЛГБТ) құқықтары мен бостандықтарын сақтау үшін жұмыс атқарудамыз. Олар өздеріне арнайы құқықтар сұрамайды, тек кез-келген жағдайда басқа адамдармен бірдей дәрежедегі қадір-қасиет, құрмет пен құқыққа ие болуды қалайды. Біз 2015 жылдың қыркүйек айында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында келісілген «ешкімді тыс қалдырмау» саясатын ұстанамыз.

Ең күшті, қауіпсіз және ең дамыған қоғамдар – ол барлық азаматтары зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктерден қорықпай еркін өмір сүре алатын қоғамдар. Барлық адамдар, оның ішінде ЛГБТ адамдары қоғамда толық және белсенді рөл атқара алады. Әр адамның өмірде әділ мүмкіндігі болуы керек.

Біз Қазақстан Үкіметінің, адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық ұйымдарының және отбасылар мен барлық мүдделі тараптардың кемсітушіліксіз өмірді қамтамасыз ету үшін бағытталған шараларына қолдау көрсетуге дайынбыз.

- Канада елшілігі
- Эстония елшілігі
- Финляндия елшілігі
- Франция елшілігі
- Германия елшілігі
- Греция елшілігі
- Израиль елшілігі
- Италия елшілігі
- Бельгия Корольдігінің елшілігі
- Нидерланд Корольдігінің елшілігі
- Испания елшілігі
- Швеция елшілігі
- Швейцария елшілігі
- Ұлыбритания елшілігі
- Америка Құрама Штаттарының елшілігі
- Еуропалық Одақ делегациясы

Астана, 17 мамыр 2018 жыл

publie le 17/05/2018

Беттің жоғарғы жағын көрсету