Франсуа Олланд және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі [fr] [ru]

Үстіміздегі жылдың 21 қарашасында Франсуа Олланд Елисей сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдады.

«Бұл кездесу Франция мен Қазақстан арасында орнаған стратегиялық әріптестік аясындағы маңызды оқиғаға айналды.
Екі Президент екіжақты байланыстың, әсіресе экономика саласындағы байланыс белсенділігін атап өтті.

Олар сондай-ақ мәдениет және білім салаларындағы, сонымен қатар екі ел мемлекеттік мекемелері (атап айтқанда денсаулық сақтау мен мемлекеттік қызмет) арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.

Бұған қоса олар екі ел үшін ортақ маңызы бар аймақтық және халықаралық ірі мәселелерді талқылады.

Республика Президенті кеңсесінің 2012ж. 21 қарашасындағы баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасын Республика Президенті сайтынан оқу (француз тілінде) (www.elysee.fr)

publie le 06/12/2012

hautdepage