Франкофония мерекесі (25 наурыз - 11 сәуір) [fr] [ru]

JPEGНаурыз айының аяғы әдетте дәстүрлі түрде көктемнің оралып, Наурыздың тойлануымен ерекшеленсе, осы кезде француз тілі мерекесін тойлау тағы бір дәстүрге айналған. Халықаралық Франкофония Ұйымы бүкіл әлемдегі француз тілін меңгергендерді біріктіретін күн деп 20 наурызды таңдаған.

Қазақстанда да қалыптасқан дәстүр бойынша француз тілді мемлекеттер елшіліктері бірігіп, қазақстандық көрерменге түрлі өнер салаларын қамтитын фестивальдік бағдарлама ұсынғалы отыр. 2014 жылғы Франкофония мерекесі Астана қаласында 25 наурыз күні франкофонды кино апталығы аясындағы Бельгия, Румыния, Швейцария және Канада фильмдерінің көрсетілімімен басталып, басқа қалаларда (Алматы, Қарағанды, Қостанай, Шымкент, Өскемен) жалғасын табады.

Фестиваль бағдарламасының муызкалық бөлімін жүзеге асыратындар – Алматы джаз фестиваліне келетін Frank Salis H3O (Швейцария) және Pulcinella (Франция) топтары.

Франкофония мерекесі аясында ән байқауы, франкофони жәрмеңкесі секілді мерекелік шаралармен жалғасатын болады. Оның толық бағдарламасы жақын арада Франция Елшілігінің веб-сайты мен www.culturefrance.kz веб-сайтында жарияланады.

publie le 30/06/2014

hautdepage