Франк Риестер мырза мен Бейбіт Атамқұлов мырза арасындағы кездесу (22 маусым 2021 ж) [fr] [ru]

JPEG

22 маусым күні Франция Республикасының Еуропа және Сыртқы істер министрі жанындағы Сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық жөніндегі министр-делегаты Франк Риестер мырза мен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мырза бейнекоференция форматында кездесу өткізді. Бұл кездесу министр-делегаттың 11-12 мамыр аралығындағы Қазақстанға жасаған іс-сапарының жалғасы ретінде ұйымдастырылды.

Кездесу барысында франко-қазақстандық стратегиялық әріптестіктің экономикалық аспектісіне байланысты сұрақтар талқыланды. Министрлер екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың бірнеше маңызды мәселелерін қарастырды, әсіресе энергетика, транспорт, аэроғарыш және денсаулық сақтау салаларына айрықша көңіл бөлінді.

publie le 23/06/2021

hautdepage