Францияның Сыртқы сауда министрі « Astana Invest » форумына қатысты [fr] [ru]

Франция Республикасының Сыртқы сауда министрі Николь Брик, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов және ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов «Astana Invest» 4-халықаралық инвестициялық форумының салтанатты ашылуына қатысты. 24 мамырда 6-экономикалық форум аясында ұйымдастырылған бұл шара жас қала Астананы экономикалық тұрғыда дамыту мәселесіне арналған.

Н. Брик ханым Қазақстан Франция үшін Еуропа мен Азияны жалғастырушы көпір екенін атап өтті. Министрдің айтуынша, Халықаралық көрме бюросы Астананы «ЭКСПО-2017» көрмесі өтетін жер ретінде таңдалу себебі – қаланың қарқынды даму дәрежесі. Брик ханым осындай халықаралық деңгейде өтетін көрмені ұйымдастыруға Франция әрдайым дайын екенін мәлімдеді. Елорданың даму деңгейі Франция мен Қазақстан елдерінің қарым-қатынастарының дамуымен тікелей байланысты.

Соңғы жылдары екі мемлекет арасындағы экономикалық байланыстар едәуір күшейіп, болашақта одан да қарқынды ынтымақтастық жайлы айту мүмкішілігі тууып отыр. Брик ханым Қазақ еліне инвестицияны арттыру жайлы тілек білдірді.

Сонымен қатар, энергия, электр қуаты және автоматтық жабдықтау жүйелері бойынша қазақ-француз білім орталығы (KazFETS) үш жылға серіктестік туралы келісімге қол қойды.

publie le 29/05/2013

hautdepage