Франция мен Қазақстанның Екінші вакансиялар жәрмеңкесіне қатысыңыз [fr] [ru]

Францияның Қазақстандағы Елшілігі мен "Гео-Энергия" француз-қазақстан зерттеу орталығы Бірінші жәрмеңкенің ойдағыдай өтуінен кейін осы дәстүрді жалғастырып, сіздерді 21 қараша күні сағат 15.00-ден бастап Алматы қаласындағы Holiday Inn мейманханасында өтетін Екінші вакансиялар жәрмеңкесіне шақырады.

Францияда алған біліміңіз бен тәжірибеңізді танытып, Қазақстанда жұмыс жасайтын көптеген француз кәсіпорындарымен байланыс орнатуға арналған орын - нағыз осы!

Жәрмеңке Францияның жоғарғы оқу орындарын тәмамдап келген қазақстан жастарына арналған.

Жәрмеңкеге қатысу үшін salon.carrières.2014@gmail.com адресіне міндетті түрде хат жазып тіркелу қажет.

JPEG

publie le 15/11/2013

hautdepage