Франция Сенатының « Франция - Қазақстан » достық тобы делегациясының Қазақстанға сапары [fr] [ru]

Францияның Де Севр өңірінің сенаторы Андре Дюлэ мырзаның басшылығымен Франция Сенатының « Франция - Қазақстан» достық тобы делегациясы қыркүйектің 8 мен 14 аралығында Қазақстанға іс-сапар жасады. Делегация құрамына Ив Поццо ди Борго (Париж сенаторы), Катрин Прокаччия (Валь де Марн сенаторы), Доминик Жийо ( Валь Д’Уаз сенаторы) және топтың атқарушы хатшысы, Мишель Лафландр кірді.

8-9 қыркүйек күндері сенаторлар делегациясы Қазақстан Республикасының Сенатының төрағасы, Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Мәжіліс төрағасы, Қабибулла Жақыповпен, Астана қаласының әкімі, Иманғали Тасмағамбетовпен, және Энергетика вице-Министрі Талғат Ахсамбиевпен кездесті. Кездесулер барысында Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық, саяси және гуманитарлық салалардағы ынтымықтастықтың дамуы талқыланды.

Астанадан кейін француз делегациясы Қызылорда облысына Арал теңізінің жағдайымен танысу үшін жол тартты. Бұл сапар барысында Франция сенаторлары Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен және Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесті. К. Көшербаев мырза Франция сенаторларын Қызылорда облысының даму қарқынымен және «Сырдария өзені арнасын ретке келтіру және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қайта жандандыру» жобасының іске асу барысымен таныстырды.

Қыркүйектің 11-і мен 14-і аралығында француздық сенаторлар Алматы қаласына сапар шегіп, қала әкімі Ахметжан Есімовтың қабылдауында болды. Келіссөздер барысында Алматы қаласының экономикалық даму барысы және Франция мен Алматы арасындағы сауда – саттық саласындағы ынтымақтастық келешегі талқыланды. Ахметжан Есімов мырза Алматыдағы француз кәсіпорындарының белсенділік деңгейіне деген ризашылығын білдірді. Және де сапар барысында сенаторлар Сорбонна –Қазақстан Университеті мен Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеттерінің жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар,Француз делегациясының басшысы Алматы мектептерінің кейбіреуінде француз бөлімдерін ашу салтанатына қатыста.

publie le 17/09/2014

hautdepage