Франция Президентінің Арнаулы өкілі Изабель Дюмон ханымның Қазақстанға сапары [fr] [ru]

JPEG

Франция Республикасы Президентінің Арнаулы өкілі Изабель Дюмон ханым 5-6 сәуірде Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.

Дюмон ханым Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, оған Президент Макронның хатын табыстады. Кездесу барысында Дюмон ханым мен Президент Тоқаев аймақтағы жағдай жөнінде пікір алмасты. Екіжақты қарым-қатынасқа байланысты бірнеше құжат жайлы да сөз қозғалды.

JPEG

Президенттің Арнаулы өкілі ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (КИСИ) сарапшыларымен бірге дөңгелек үстелге қатысты. Қазіргі халықаралық ахуалға байланысты сан алуан тақырыптар мен Қазақстанның ішкі жағдайының кейбір тұстары талқыланды.

Сонымен қатар, Дюмон ханым Қазақстандағы француз бизнес қауымдастығының өкілдерімен де кездесті

publie le 06/04/2023

hautdepage