«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ұйымдастырған «Жаңа дәуірдің мектебі» атты Х халықаралық конференция аясында, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» Басқарма Төрайымы Шамшидинова ханым мен Францияның Қазақстандағы Елшілігі – 20 мектепте француз тілін үйрету жөнінде- өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Бүгінде 6 қазақстандық студент Вальбон қаласындағы Халықаралық Орталықта ғылыми пәндерді оқытатын дайындық курсында білім алуда. Екі жылдық дайындық курсынан соң олар Францияның танымал инженерлік Жоғарғы оқу орындарында білімдерін жалғастырады.