ФРАНЦУЗ ТІЛІ БОЙЫНША ОРТАЛЫҚ АЗИЯЛЫҚ ОЛИМПИАДА - 2022 [fr] [ru]

Орталық Азиядағы Франция мәдени желісі екінші жыл қатарынан француз тілі бойынша онлайн Олимпиада ұйымдастырып отыр.Орталық Азиядағы 5 мемлекетіндегі (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменстан) барлық франкофондар мен франкофилдер үшін қатысу ақысыз және ашық.

Бұл ереже кез келген ұлт тілдері үшін, сондай француз және орыс тілдері бойынша француз тіліндегі Олимпиадаға қатысу ережелері мен шарттарын анықтауда қолжетімді.

КОНКУРС ШАРТТАРЫ

• Олимпиадаға Орталық Азияның 5 республикасынын (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменстан) біреуінде тұрып жатқан жасы 14 жастан жоғары (2008 жылдың 31 желтоқсанына дейін туған) франкофондар қатыса алады.

• 2022 жылдың 3 сәуріне дейін сағат 12.00-ді қоса алғанда(Париж уақытымен) тіркеу барлығы үшін ақысыз және ашық : www.olympiades-regionales.org

• Барлық қатысушылар өз бағыты бойынша 7 санатқа бөлінеді:
- 1-ші санат: 14 жастан жоғары оқушылар
- 2-ші санат: француз мектебінің оқушылары және 14 жастан жоғары оқушы – француздар
- 3-ші санат: француз тілі бойынша маман студенттер*
- 4-ші санат: француз тілі маманы ЕМЕС студенттер**
- 5-ші санат: оқытушылар және француз тілінің кәсіби мамандары***
- 6-ші санат: басқа жағдайлар, француз француз тілінде сөйлейтіндер (француз тілі - ана тілі)
- 7-ші санат: басқа жағдайлар, француз тілінде сөйлемейтіндер (ана тілі емес адамдарға арналған)

*Студенттер, француз тілін бірінші немесе екінші шетел тілі ретінде оқитындар, сондай-ақ қос диплом бағдарламасы бойынша студенттер.
**Француз тілі негізгі бағыттағы пән болып саналмайтын басқа мамандық иесі студенттер.
***Оқытушылар, аудармашылар, сондай-ақ француз тілі жұмыс тілі болып саналатын басқа да қатысушылар.

• Барлық қатысушылар берілген регламент бойынша талаптарды сақтауға, сондай-ақ өздеріне электронды пошта арқылы жіберілген нұсқаулықты орындауға міндетті.

ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ КҮНТІЗБЕСІ МЕН ФОРМАТЫ

• 3 сәуір: тіркеудің соңғы күні. Берілген уақытқа дейін тіркеліп үлгергендер ғана конкурсқа
қатыса алады.

• 9 сәуір: Олимпиаданың 1-ші кезеңі «Orthodidacte» платформасы ынтымақтыстығы арқылы
құрылған Тесттен тұрады (Платформаның негізін орфография бойынша Франция Чемпионы Гийом Терьен жасаған). Олимпиаданың бірінші кезеңіне қатысу уақыты:
− 15:00- ден 15:15-ке дейін (Бішкек, Нұрсұлтан)
− 16:00-ден 16:15-ке дейін (Ашхабад, Душанбе, Ташкент)

● 10 сәуір: Олимпиаданың 2-ші кезені (онлайн диктант).
Олимпиаданың 2-ші кезеніне қосылу уақыты:
− 15:00-ден 15:15-ке дейін (Бішкек, Нұрсұлтан)
− 16:00-ден 16:15-ке дейн (Ашхабад, Душанбе, Ташкент)

• 14 сәуір: 3-ші кезеңге өткен лауреаттардың тізімін жариялау. Үшінші кезенге екі кезеннен іріктеліп алынған 56 үздік кандидат қана (әрбір категориядан 8 адамнан) пошта арқылы шақырылады.

• 19-ші және 20 сәуір: Олимпиаданың үшінші кезеңінде қазылар алқасымен әңгімелесу онлайн түрінде өтеді.

• 30 сәуір: қорытынды нәтижелер мен олимпиада жеңімпаздарының тізімін жариялау.

КОНКУРСТЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

• Алдынғы екі кезеңнің тапсырмалары «Orthodidacte» платформасының алгоритміне сәйкес автоматты түрде тексеріледі. (Диктанттағы қате саны, Тесттегі дұрыс жауап және кеткен уақыты есепке алынады).

• Конкурстың ауызша бөлімі бойынша, қазылар алкасы құрамына Орталық Азияның 5 мемлекетіндегі Франция елшіліктерінің өкілдері, Француз Альянстарының және Француз Институтының француз тілі оқытушылары кіреді.

ЖҰЛДЕЛЕР МЕН ЫНТЫЛАНДЫРУ СЫЙЛЫҚТАР

• Әрбәр категорияның лауреаттары, алған орындары мен бағыттарына қарай түрлі сыйлықтармен марапатталады: француз тілі курстары, жазғы лингвастикалық тағылымдама, абонементтер, кітаптар.

• Конкурстың барлық қатысушылары қатысу сертификатын алады.

МӘЛІМЕТТЕРДІ ӨНДЕУ

• Тіркеу формасында берілген жеке мәліметтер, сондай-ақ Олимпиаданың әртүрлі кезеңдерінің нәтижелері Орталық Азиядағы 2022 Олимпиадасының ұйымдастырушылық мақсаттары үшін құпия түрде қарастырылады.

• Алғашқы екі кезенге іріктеліп алынғандар мен ақтық тізімге іліккен женімпаздардың аты мен әкесінің аты, сондай-ақ қатысушы мемлекеттерден басқасы тіркеу кезіндегі немесе Олимпиада кезендеріндегі қатысушының жеке мүддедегі мәліметтері жарияланбайды және үшінші тұлғаға берілмейді.

МІНДЕТТЕМЕЛЕР

• Тіркеу кезінде әрбір қатысушы өзі және өзінің жағдайы туралы ақпараттың дұрыстығы мен нақтылығын растайды.

• Әрбір қатысушы Олимпиаданың әрбір кезеңіне дербес, жеке дара өтеді. Сондай-ақ, поштаға алған кіру кодын құпияда ұстауға міндеттеледі.

• Ұйымдастырушылар барлық кандидаттардың қажеттілік шараларын тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді міндетіне алады.

• Ұйымдастырушылар Олимпиадаға қатысушылардың орындары болып жатқан техникалық ақауларға, интернет-байланысының сапасына, қолжетімділіктің жеткіліксіздігі сияқты мәселелерге байланысты жауапкершілікті мойнына алмайды.

БАЙЛАНЫСТАР

• Сұрақттар мен ақпарат сұрату мәселелері туындаған кезде мына поштаға хабарласуыңызды өтінеміз: oympiadesregionales@gmail.com

publie le 26/03/2022

hautdepage