Еуропа және Cыртқы істер министрінің сыртқы сауда және экономикалық тартымдылыққа жауапты министр-делегаты Франк Риестер мырзаның Қазақстанға сапары (11-12 мамыр 2021ж) [fr] [ru]

Еуропа және Cыртқы істер министрінің сыртқы сауда және экономикалық тартымдылыққа жауапты министр-делегаты Франк Риестер мырза 2021 жылдың 11-12 мамырында жиырмадан астам француз компанияларымен бірге Қазақстанға келді.

Министр-делегат ең алдымен Президент Тоқаевтың Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан мырзамен кездесті. Осы орайда ол Қазақстанмен қарым-қатынасын нығайтуға және 2008 жылы қол қойылған екіжақты стратегиялық серіктестікті тереңдетуге деген Францияның ұмтылысын алға тартты.

Содан кейін ол Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мырзамен француз-қазақстандық ірі коммерциялық жобалардың жай-күйін талқылады. Француз-қазақстандық стратегиялық серіктестіктің жолында атқарған қызметі үшін Атамқұлов мырзаға алғысын білдірді. Ол экологиялық ауысу, тұрақты даму, ауыл шаруашылығы және агроазық-түлік сияқты жаңа салалардағы француз тәжірибесі мен білімі үлесін кеңейту мақсатында 2020-2030 жылдарға арналған француз-қазақстандық экономикалық ынтымақтастығы жол картасына қол қойды.

Сапар барысында Франция мен Қазақстан арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге қатысты ниеттестік декларациясына және де Француз Даму Агенттігі мен Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Министр-делегат сондай-ақ энергетика министрі Нурлан Ноғаев мырзамен кездесіп, Қазақстанның энергия теңгерімін әртараптандыруға деген ұмтылысын қолдау мақсатында француз-қазақстандық стратегиялық серіктестікке жаңа серпін беруді қалайтынын жеткізді.

Соңында, ол Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіптік палатасының бес жылдығына арналған іс-шараға қатысып, француз компаниялары мен екіжақты экономикалық қатынастарды көркейтуге өз үлесін қосып жүрген палатаға қолдауын білдірді.

Медиа :
https://www.inform.kz/ru/frank-riester-franciya-sohranila-svoyu-poziciyu-veduschego-delovogo-partnera-s-kazahstanom_a3786966

https://www.inform.kz/ru/kazahstan-i-franciya-podpisali-dorozhnuyu-kartu-sotrudnichestva-do-2030-goda_a3787284?utm_source=ainews&utm_medium=referral

https://forbes.kz/news/2021/05/13/newsid_249737

https://astanatimes.com/2021/05/kazakhstan-and-france-sign-bilateral-agreement-on-economic-cooperation-through-2030/

https://www.inform.kz/ru/askar-mamin-vstretilsya-s-glavoy-francuzskoy-atomnoy-kompanii-orano_a3787544

https://www.exclusive.kz/expertiza/daily/124532/

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/mamin-vstretilsya-s-glavoy-frantsuzskoy-atomnoy-kompanii-437307/amp/

https://mnews.kz/post/a-mamin-vstretilsya-s-glavoi-frantsuzskoi-atomnoi-kompanii-orano-k-imovenom-11259/

https://24.kz/ru/news/policy/item/473597-askar-mamin-vstretilsya-s-glavoj-frantsuzskoj-atomnoj-kompanii-orano

publie le 21/05/2021

hautdepage