Елші Филипп Мартинэ 10 -12 қараша аралығында Оңтүстік Қазақстанға іс-сапармен барды.
Сапар барысында Елші мырза Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мырзамен кездесті. Сонымен қатар, Елші мырза әкімнің қатысуымен Шымкенттегі Француз альянсын ресми түрде ашты. Бұл – Астана мен Алматыдағы альянстардың қатарын толтырған Қазақстандағы үшінші француз альянсы.
Мартинэ мырза Шымкенттегі француз альясының белді мүшесі, француз тілінің мұғалімі – Жансұлу Сұлтанова ханымға Академиялық пальма орденін ұсынды.
Соңында, Елші мырза Арева және КазАтомПром компанияларының ортақ кәсіпорыны Катко уран өндіретін аймақ - Төртқұдыққа барды.