Елші мырза Алматы қаласының Француз Альянсында болды [fr] [ru]

Үстіміздегі жылдың 23 ақпан күні Францияның Қазақстандағы елшісі Жан-Шарль Бертонэ мырза Алматы Француз Альянсында болып, орталықтың қызметкерлерімен кездесті.

Француз мәдени орталығына бұл кездесу Елшіні өткен жылда қол жеткізген жетістіктерімен, сондай-ақ жылдан жылға кеңейіп келе жатқан әкімшілік және ұстаздар құрамымен таныстыруға мүмкіндік берді.

Елші мырза Француз Альянсын жаңа жылмен құттықтап, жемісті жыл тілей отырып, 2013 жылы Қазақстанда өтетін француз мәдени маусымының маңыздылығы туралы айтты. Осы маусым аясында Алматы қаласында өтетін мәдени іс-шараларды ұйымдастырудағы Алматы Француз Альянсының ерекше орнын да атап өтті.

publie le 01/02/2013

hautdepage