Элизабет Контоману джаз әншісінің концерттері [fr] [ru]

JPEG

Қазақстандағы Франция Елшілігі және қазақстандық Француз Альянстары джаз әншісі Элизабет Контомануды Қазақстанға шақырады. Әншінің гастрольдері Алматы қаласында он алтыншы Халықаралық Джаз Фестивалінде өнер көрсетумен басталады. Содан кейін джаз әншісі Шымкентке барады. Турне еліміздің астанасындағы концертімен аяқталады.
Элизабет КОНТОМАНУ Францияда аралас отбасында дүниеге келген: әкесі - гвинеялық, анасы - грек әйелі. Өмірі Стокгольм, Париж және Нью-Йорк қалалары арасында өтті. Оның шығармашылық жолына көптеген сапарлары әсер етеді, сондай-ақ Жан-Мишель Пильк, Мишель Легран, Ришар Бона, Майк Стерн, Тутс Тилеманс және Джон Скофилдпен кездесті. Кейіннен Контоману 1986 жылы өткен де ла Дефанс Конкурсының жеңімпазы атанып, және 2006 жылы Victoires de la musique сыйлығында жеңіске жетіп, көпшілікпен және музыкалық сыншылардың бағасын алған өзінің халықаралық музыкалық мансабын жалғастырады.

Толығырақ ақпарат: www.culturefrance.kz.

publie le 28/03/2017

Беттің жоғарғы жағын көрсету