ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі Тьерри Мариани мырзаның Астанаға сапары [fr] [ru]

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі, Франция Ұлттық Ассамблеясының шетелдегі француздар атынан сайланған Депутаты Тьерри Мариани мырза 20-23 ақпан аралығында Астанаға сапармен келеді.

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы ұлттық парламенттер тағайындаған 323 депутаттан, сондай-ақ халықаралық парламенттік ассамблеялар атынан өкілдік ететін бақылаушылар мен азиялық және жерорта теңіздік әріптестерден құралған. Ассамблеяның басты мақсаты ЕҚЫҰ-дың басты мақсаттарының жүзеге асуын қадағалау және Министрлер кеңесінің аясында, сондай-ақ мемлекет басшылары мен үкімет басшыларыың басқосулары арқылы өз құзыретіндегі мәселелерді талқылау болып табылады.

Өз сапары барысында Мариани мырза Қазақстан Республикасының Мәжілісі, Сенаты, Бас Прокуратурасы және Үкіметінің өкілдерімен жоғарғы деңгейдегі келіссөздер жүргізеді.

publie le 14/02/2014

hautdepage