COVID 19 – Виза бойынша ақпарат [fr] [ru]

Covid-19 пандемиясына қарсы күрес аясында жол жүруге қатысты шектеулерге байланысты қазіргі таңда Қазақстаннан келетін жолаушылардың тек екі санатына ғана Францияға кіруге рұқсат етілген:

- Францияға кіруге дәлелді себептері бар адамдар;
- Еуропа дәрі -дәрмек агенттігі мойындаған вакцинаны алған адамдар.

Осы санаттардың біріне жататын адамдар ғана виза алуға өтініш бере алады (кез-келген виза түрі).

Виза сұрауға рұқсат ететін дәлелді себептер:

Дәлелді себеппен Францияға кіруге рұқсат етілген адамдар санаттының тізімін алу үшін Ішкі істер министрлігінің сайтында халықаралық саяхат ережелері туралы жүктеп алуға болатын құжатты қараңыз: https://www.interieur.gouv.fr/Actualites/L-actu-du-Ministere/Attestation-de-deplacement-et-de-voyage.

  • Франция азаматының жұбайы / (неке, азаматтық неке немесе бірге тұратын) және оның кәмелетке толмаған балалары (ұзақ және қысқа мерзімді).
  • Еуропалық Одақтың немесе ассимиляцияланған елдің азаматы, сондай -ақ оның жұбайы (некеде, азаматтық некеде және бірге тұратын) және Францияда негізгі тұрғылықты орны бар немесе Франция арқылы Еуропалық Одақ елдеріндегі немесе сол елдің азаматтығы бар ассимиляцияланған елдегі негізгі тұрғылықты орнына транзитпен өтетін балалар.
  • Францияда немесе Еуропада тұруға рұқсаты бар немесе ұзақ мерзімді визасы бар және негізгі тұрғылықты жері Францияда немесе Франция арқылы Еуропалық Одақ еліндегі немесе ассимиляцияланған елдегі негізгі тұрғылықты жеріне транзитпен баратын үшінші елдің азаматтары.
  • Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Еуропалық Одақ пен Атом энергиясы бойынша Еуропалық Қауымдастығынан шығуы туралы келісімнің бенефициарлары болып табылатын Ұлыбритания азаматтары мен олардың отбасы. Қызметін атқарып жүрген Ұлыбританияның мемлекеттік қызметкері, шекара полициясында, кеден аймағында жұмыс істейтін адам. Ля Манш туннелінде қызмет ететіндер (жұмыстың жүруіне, техникалық қызмет көрсетуге, қауіпсіздікке қатысты) немесе су асты туннеліндегі қондырғыларда жұмыс істейтіндер.
  • Қосалқы қорғалатын және азаматтығы жоқ босқындарды отбасымен біріктіру немесе отбасын біріктіру мақсатында берілген ұзақ мерзімді визасы бар үшінші ел азаматтары.
  • Ковид-19-ға қарсы күреске қатысатын шетелдік медицина немесе ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары (некеде, азаматтық некеде, бірге тұратынын растайтын құжатты ұсынған бірге тұратындар) және олардың балалары.
  • Кіші практикант (тағылымдамадан өтуші) ретінде жалданған шетелдік денсаулық сақтау немесе ғылыми зерттеу маманы.
  • VLS «Passeport Talent» визасы бар үшінші ел азаматтары, сондай-ақ олардың жұбайы (некеде, азаматтық некеде, бірге тұратынын растайтын құжатты ұсынған бірге тұратындар) және олардың балалары.
  • ЖОО-ға алдын ала түсу үшін француз тілін шет тілі ретінде оқыту (FLE) курстарына жазылған немесе француз университеттерінде ауызша емтиханға жіберілген немесе 2021-2022 оқу жылының басында оқуға түскен студенттер; Францияға физикалық қатысуды қажет ететін зерттеулерді жүргізу үшін шақырған зертхананың шақыруымен келген зерттеушілер, сондай -ақ олардың жұбайы (некеде, азаматтық некеде, бірге тұратынын растайтын құжатты ұсынған бірге тұратындар) және олардың балалары.
  • Құрлық, теңіз және әуе көлігі саласы қызметкері немесе көліктік қызмет көрсетуші (оның ішінде ел аумағында пайдалануға арналған және де транзиттік тасымалмен өтетін жүкті тасымалдайтын кез-келген көлік құралының жүргізушілері, сондай -ақ кеткен жеріне қайта бару үшін жолаушы ретінде жүрген немесе біліктілігін арттыруға бара жатқандар).
  • Дипломатиялық немесе консулдық миссияда немесе штаб -пәтері Францияда орналасқан халықаралық ұйымда жұмыс істейтін шетел азаматтары, сондай -ақ олардың жұбайлары мен балалары, және де кәсіби дәлелді себеп бойынша Францияда тұрып жатқан шетел азаматы өз мемлекеті берген іссапарлық қағаз негізінде шыға алады.
  • Халықаралық аймақта 24 сағат ішінде транзитпен өтетін саяхатшы.

Еуропа дәрі -дәрмек агенттігі мойындағын вакцинаны алған адамдарға қатысты жағдай:

Қазақстандық ересек саяхатшыларға қатысты- Еуропалық дәрі -дәрмек агенттігі мойындаған вакцинаны алған адамдар дәлелді себепті көрсетпей-ақ визаның кез-келген түріне өтініш бере алады. Қазіргі уақытта мойындалған вакциналардың тізімі келесідей: Pfizer, Moderna, AstraZeneca, Vaxzevria/Covishield, Janssen de Johnson & Johnson.

Вакцинация туралы куәлік вакцинацияның толық курсының аяқталғанын растай алатын болса ғана жарамды, немесе:

- қос инъекциялық вакциналар үшін 2-ші инъекциядан кейін 7 күн өтуі (Pfizer, Moderna, AstraZeneca, Vaxzevria / Covishield);
- бір реттік инъекциядан кейін 4 аптаның өтуі (Johnson & Johnson).

Санитарлық бақылау талаптары:

Егер сіз вакцинацияланған болсаңыз, метропольге кіру үшін сіз вакцинация егілгенін растайтын құжат пен сізде Covid-19 инфекциясының белгілері жоқ екендігін және расталған Covid-19 жағдайымен байланыста болмағаныңыз туралы мәлімдеме беруіңіз керек. Сондай-ақ ПТР сынағының нәтижесі немесе ұшуға дейін 48 сағаттан аз уақыт бұрын алынған антиген сынағының теріс нәтижесін ұсынуыңыз қажет.

Егер сіз екпе алмаған болсаңыз, метропольге кіру үшін тасымалдаушы компанияңға және шекаралық бақылау органдарына кетерге дейін 48 сағаттан аз уақыт бұрын вирусологиялық тест (ПТР) немесе антиген сынамасының теріс нәтижесін тапсыруыңыз керек.

Егер сіз Ұлыбританиядан келсеңіз және екпе алмаған болсаңыз, 24 сағаттан аз уақыт бұрын ПТР немесе антиген сынамасын тапсыруыңыз керек. Бірнеше сапарлы саяхат болса, бірінші рейстің жөнелтілу уақыты ескеріледі. 12 жасқа дейінгі балалар тестілеуден босатылады.

Келетін елге байланысты сіз тестілеуден өткізілуіңіз мүмкін және әкімшілік үдерістерді жеңілдету үшін келесі мекенжайда қол жетімді формулярды толтыруыңызды өтінеміз: https://passager.serveureos.org

Сондай-ақ төмендегі құжаттарды жолдауыңыз керек:

- Сізде Covid-19 инфекциясы белгілерінің жоқтығын және расталған Covid-19 жағдайымен байланыста болмағаныңызды растайтын мәлімдеме;

- сіздің тарапыңыздан метропольге келгеннен кейін жүргізілетін антигендік сынамадан немесе биологиялық сараптамадан өту міндеттемесі;

- жеті күндік оқшаулау туралы міндеттеме және оқшаулау мерзімінің соңында биологиялық сынақтан (ПТР) өту міндеттемесі.

Қосымша ақпарат үшін:
Қосымша ақпарат алу үшін келесі веб -сайтқа кіріңіз: https://www.gouvernement.fr/info-coronavirus/deplacements

publie le 09/12/2021

hautdepage