Еуропа одағы Делегациясының Қазақстандағы тәуелсіз журналисттерге қарсы шабуылдарға жауап ретіндегі мәлімдемесі [fr] [ru]

Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Өкілдігі ЕО-ның Қазақстандағы өкілдіктерінің басшыларымен келісе отырып, келесіні мәлімдейді.

Біз жақында тәуелсіз журналистерге жасалған шабуылдарға қатысты алаңдаушылық танытып, ниеттeстігімізді білдіреміз. Орын алған әр жағдайға тергеу жүргізіліп, осы заңсыздықтарға жол берген кінәлілер жауапқа тартылуы тиіс. Осыған орай, біз бүгін Президент Тоқаевтың толық тергеу жүргізуді тапсырғандығын құптаймыз.

Ашық әрі белсенді қоғам мен есеп беруге тиісті басқару жүйесі бар жаңа Қазақстанды құру үшін сөз бостандығы мен еркін БАҚ қамтамасыз ету аса маңызды.

Біз Қазақстанның осы мақсаттарға жету жолындағы күш-жігерін қолдайтынымызды тағы бір мәрте растаймыз.

publie le 20/01/2023

hautdepage