Баспасөз хабарламасы -Сен-Сир әскери Лицейі делегациясының сапары [fr] [ru]

JPEG

Сен-Сир әскери Лицейінің делегациясы Астана қаласының Құрманов атындағы №17 Мектеп-гимназиясы мен Алматы қаласының Есенберлин атындағы №25 Мектеп гимназиясы оқушылары арасындағы алмасу бағдарламасы аясында 18-қаңтардан 24-қаңтар аралығында Қазақстанға келеді.

Бұл алмасу бағдарламасының мақсаты - екі мемлекет жастарының арасындағы достық және мәдени қарым-қатынасты дамыту арқылы, франко-қазақстандық ынтымақтастықты нығайту және тіл үйрету.

Француз тілін дамытуға үлкен үлесін қосып жүрген осы екі мекеме осы бағдарлама аясында ынтымақтастық келісіміне қол қояды. Ең алдымен, 1937-жылы негізі қаланғаннан бастап француз тіліне басымдық бере отырып, үйретіп жатқан және Қазақстан тарихында өз ізін қалдырған бірнеше қоғам қайраткерлердің білім ордасы болған Алматы қаласының №25 Мектеп гимназиясы, сонан соң, 2002- жылы негізі қаланғаннан бастап француз тілін екінші шет тіл ретінде оқытып жүрген, 2015- жылдың қыркүйегінен шет тілін бастауыш сыныптан (1 сынып) бастап үйретуді енгізу арқылы, балдырғандық шақтан бастап көп тілділікті дамытуға көңіл бөлген Астана қаласының №17 Мектеп-гимназиясы келісімдерге қол қояды. Қазіргі таңда Қазақстандағы Француз Альянс желілері және Францияның Қазақстандағы Елшілігі аталған мектептерге барынша қолдау көрсетуде.

Француз делегациясының құрамында 15 бітіруші сынып оқушылары (12 сынып), 4 француз-оқытушы, атап айтқанда Әскери бөлім Командирі, айтулы мекеменің жетекшісі, полковник Ассоньон мырза келеді. Оқушылар орыс тілі және Қазақстан тарихы пәндерімен оқып, екі қаланың негізгі мәдени көрікті жерлерін аралайды. Сонымен қатар оқушыларға спорттық бағдарламалар да ұсынылады.

Бағдарламаның келесі кезеңі - 2016 –жылдың наурыз және мамыр айларында қазақстандық оқушылардың Париж маңындағы Сен-Сир Әскери Лицейіне сапары болмақ.

Сен-Сир Әскери Лицейінде оқитындар әскери қызметкерлер емес. Тек даярлық сыныптардың оқушылары ғана әскери атаққа ие бола алады. Дегенмен, оқушылардың басым бөлігінің ата-аналары әскери немесе мемлекеттік қызметкерлер. Оқушылардың 15 % әлеуметтік критерийлер бойынша стипендиаттар.

Бұл бағдарламаны Қазақстандағы Франция Елшілігі мен аталған оқу орындарымен қатар, Airbus, Alstom, Thalès сияқты француз компаниялары және Алматы қаласының Білім Басқармасы да қолдайды.

Бұқаралық ақпарат құралдары келісімге қол қою салтанатты рәсіміне шақырылады.

Астана, сейсенбі 19-қаңтар, сағат 14:00
Мекен-жайы : А. Құрманов атындағы №17 Мектеп-гимназия , Қабанбай батыр даңғылы 9/1

Алматы, бейсенбі, 21-қаңтар, сағат 14:00
Мекен-жайы: І. Есенберлин атындағы № 25 Гимназия, Қабанбай-Батыр көшесі 128

publie le 15/01/2016

Беттің жоғарғы жағын көрсету