Балалар арасында видео конкурс [fr] [ru]

20 қараша – Балалар құқығының халықаралық күніне орай Франция Елшілігі балалар арасында видео конкурс ұйымдастырады.

Егер жасың 16-дан төмен болса және бала құқығы жайлы сұрақтар сені қызықтырса, онда өз ойыңды білдіретін сәт туды!

Конкурс тақырыбы: «Бала бақыты дегеніміз, оның ... құқығы болуы.» Сөз кезегі өзіңде!

Қабылдау уақыты: барлық видеолар 17-қарашаға шейін келесі электрондық адреске жіберілуі керек:ambafrance@mail.ru немесе WhatsApp: +7 705 582 02 09

Қатысу шарттары:
-  видео 1 минуттан аспауы;
-  тақырыпқа сай болуы;
-  және AVI, MP4 немесе MPEG форматында болуы керек.

Түсірілім тілі: француз, қазақ және орыс.

Елшілік қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы үздік үш видеоны таңдап алады. Осы үздік үштіктің авторларына біздің серіктестеріміз ұсынған француз брендтерінің сыйлығы тарту етіледі.

Сыйлықтар 20-қараша, балалар құқығы күніне арналған арнайы кеште табысталады.

Видеолар Елшіліктің Facebook https://www.facebook.com/franceaukz/ және Елшінің Instagram philippe_martinet_france парақшасында жарияланатын болады.

publie le 14/11/2017

Беттің жоғарғы жағын көрсету