Астананың 3D картасы жасалады [fr] [ru]

Астанада электронды карталар қолданысқа енгізіледі. 3D жүйесінде жұмыс істейтін картаны қала инфрақұрылымы, жол, сәулет өнері мен құрылыста, кәріз желісінде кеңінен пайдалануға болады. Мұндай тәжірибемен француз компаниялары бөліспек. Бұл келісім елорда әкімдігі мен EIFFAGE- EGIS- GDFSUEZ консорциумы арасында меморандумға қол қойылғаннан кейін күшіне енді. VII Астана экономикалық форумы аясында «ASTAINABLE» жобасын жүзеге асыру жөніндегі меморандумға Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Францияның Қазақстандағы Елшісі Франсис Этьен қол қойды.

Франсис Этьен, Францияның Қазақстандағы Елшісі:

21 ғасырда заманауи құрал-жабдықтың болғаны дұрыс. Қалада болып жатқан оқиғалардың толық көрінісін бақылау да маңызды. Қазіргі уақытта электронды картаны пайдалану таптырмас мүмкіндік деп білемін. Бұл жобаға дейін де Астанамен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істегенбіз. Достығымыздың одан ары жалғасатынына сенемін.

Жобаны толықтай қаржыландыруды француздар өз міндеттеріне алған. Жүзеге асыру үшін шамамен 3млн.еуро жұмсалады деген болжам бар. Ал, елорда әкімдігі жобаның кедергісіз жүзеге асып, толықтай орындалуын қадағалайды.

www.astana.gov.kz

publie le 25/05/2014

hautdepage