Астанада Франция-Қазақстан іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өтеді [fr] [ru]

13 ақпан күні Астана қаласында Тоталь компаниясының "Барлау және өндіру" жөніндегі бас директоры Ив-Луи Даррикарэр мырза мен Visor Holding компаниясының басқарма кеңесінің төрағасы Айдан Кәрібжанов мырзаның бірлескен төрағалығымен Франция-Қазақстан іскерлік кеңесінің (МЕДЕФ Интернасьональ / ҚР сауда-өндіріс палатасы) кезекті отырысы өтеді.

Осыған орай МЕДЕФ Интернасьональ елу француз компаниясының басын қосып, Қазақстанға сапармен әкеледі деп күтілуде. Сапар аясында олар Қазақстан Үкімет өкілдерімен, сондай-ақ жергілікті кәсіпорындар өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізеді.

Франция-Қазақстан іскерлік кеңесі француз кәсіпорындары мен Қазақстанның мемлекеттік және жеке мекемелерінің басшылары арасындағы екіжақты сұхбат платформасы болып табылады. Кеңетің француз тарапы жыл сайын МЕДЕФ Интернасьональдың басқаруымен өтетін отырыстарын Парижде ұйымдастырады. Кеңестің соңғы отырысы 2013 жылғы наурыз айында Париж қаласында Франция мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық коммиссиясының отырысымен қатар өткен болатын.

Кеңестің бұл отырысының мақсаты – Қазақстанның бизнес-ортасын дамытуға бағытталған нақты ұсыныстарды алға тарту, әріптестіктің жаңа жолдарын анықтау, француз кәсіпорындарының елдің саяси және экономикалық дамуының жол картасы болып табылатын "Қазақстан-2050" Стратегиясын жүзеге асыруда өз үлестерін қосуға деген ниеттерін көрсету, сондай-ақ болашақ энергиясы тақырыбындағы "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрменің дайындығына қатысу.

publie le 11/02/2014

hautdepage