"Асланның сабақтары" Анже кино фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды [fr] [ru]

Emir Baigazin

Жас қазақ режиссері Эмир Байғазиннің "Асланның сабақтары" фильмі Анже қаласында 17-26 қаңтар аралығында өткен Premiers plans d’Angers атты фестивальдің бас жүлдесін алып қайтты. Бас жүлдеге берілетін 15000 евро сыйақы фильмді Францияда жарнамалау мақсатында жұмсалмақ. Фестивальдік бәйгеге 80-нен аса фильм қатысқан.

"Асланның сабақтары" үшін бұл жүлде - көп жүлденің бірі. Өткен жылғы қараша айында ол Амьен халықаралық фильмдер фестивалінің бас жүлдесі мен үздік ер адам рөлі жүлдесін жеңіп алған болатын.

Фильм 26 наурыздан бастап Франция кинозалдарында көрсетілмек.

publie le 30/01/2014

hautdepage