3-5 маусым аралығында Сенаттың «Франция-Орталық Азия» достық тобының делегациясы Қазақстанға сапармен келді [fr] [ru]

3-5 маусым аралығында Сенаттың «Франция-Орталық Азия» достық тобының делегациясы Қазақстанға сапармен келді. Оны басқарған достық тобының президенті Эрве Морей мырзамен бірге сенаторлар Андре Валлини мырза мен Жан-Поль Принс мырза және Сенат хаттамасының басшысы Ксавье Вернь келді.

JPEG

Делегация, атап айтқанда, Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринмен және Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен кездесті. Сенаттағы Қазақстан-Франция достық тобының президенті Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзамен түскі ас ұйымдастырылды, сонымен қатар француз іскер топтарының өкілдерімен кездесу өткізілді.

JPEG JPEG

Талқылаулар әсіресе қаңтардың басында өткен күрделі оқиғаларды қайта шолуға және Президент Тоқаев бастаған конституциялық реформа жөнінде пікір алысуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, Қазақстанның Украина дағдарысы бойынша ұстанымымен қатар бүгінде Орталық Азия мемлекеттерінің келісілген әрекетін талап ететін бірқатар негізгі мәселелер аталып өтті. Сонымен бірге, парламенттің достық топтары толыққанды рөл атқара алатын француз-қазақ қатынастарының дамуының кейбір бағыттары да анықталды.

JPEG

publie le 08/06/2022

hautdepage