2017 жылы Халықаралық көрме Астанада өтеді [ru]

Халықаралық көрме бюросы Қазақстанның бас қаласы Астананың «Болашақ энергиясы» атты тақырыпта өтетін 2017 жылғы Халықаралық көрмені қарсы алатындығын хабарлады.

161 Мемлекеттің басын қосатын Бюроның Бас Ассамблеясының Париждегі ЭЫҰ штаб пәтерінде өткен отырысында 103 дауысқа ие болған Астана 44 дауыс жинаған бельгиялық Льеж қаласын басып озып көрмені қарсы алушы қала болып тағайындалды. Осылайша, Орталық Азия астаналарының ішінде бірінші болып көрмені өткізу мәртебесін иеленді.

Көрме 2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында 25 гектарды құрайтын арнайы алаңда өтеді. Ұйымдастырушылар қонақ саны 5 миллионнан асады деп болжам жасауда.

Астана кандидатурасының ресми веб-сайты

Астана жеңісінің құрметіне Халықаралық көрме бюросының ұйымдастыруымен Габриель павильонында өткен мереке:

publie le 30/06/2014

hautdepage