14 шілде мерекесі Астанада тойланып өтті [fr] [ru]

Мереке басталардан бір сағат бұрын күннің күркіреп аспанды қара бұлт басқанына қарамастан, ақырында күн шайдай ашылып, Франция резиденциясының бағында 14 шілде Ұлттық мерекеге шақырылған 400 қонақты күтуге лайық жағдай орнады.

Астана әкімшілігі оркестрінің орындауында Франция мен Қазақстан әнұрандары тыңдалғаннан кейін Бретиньи-сюр-Орждағы темір жол апаты мен соңғы күндері орын алған түрлі қайғылы оқиғалар құрбандарына бір минут үнсіздік жарияланды.
Парижге біржолата қайтар алдында өткізіп отырған соңғы 14 шілде мерекесіне орай сөз сөйлеген Франция Елшісінің құттықтау сөзін Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің орынбасары Альберт Рау мырза жалғастырды. Ол қазақстан тарапының Бретиньидегі апатқа байланысты француз халқының қайғысына ортақтас екендігін айтты. Ол, сондай-ақ, екіжақты қарым-қатынастардың даму қарқынына деген ризашылығын білдіріп, "Франция-Қазақстан тоғыспалы мәдени маусымдарынан" көп үміт күтетіндігін жеткізді. Мереке кеш батқанға дейін оркестр орындауындағы француз әуендерінің дыбысымен жалғасты. Демеушілердің жомарттылығының арқасында қабылдау кезінде ұсынылған дәм мен басқа да қызмет сапасы жоғары деңгейде болды.

publie le 15/07/2013

hautdepage